Есімімді ағамның құрметіне қойған: Тоқаев соғыста қаза тапқан ағасы туралы айтты

Астанада Жеңіс күніне орай «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтары қойылды. Шараға қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев соғыста қаза тапқан ағасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Салтанатты шараға Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин және премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әкесі мен ағасының соғысқа қатысқанын айтты. Спикердің сөзінше, оның есімі соғыста қаза тапқан ағасының құрметіне қойылған.

«Менің әкем екінші Белорусь майданында шайқасқан. Ол 1942 жылдың қаңтарында соғысқа тартылды. 1944 жылдың ақпан айында Польша аумағында жараланған. Менің ағам, Қасым Болтаев, Ржевтегі майдан кезінде қаза тапты. Ол Тверь облысы Ржев ауданының Трубино ауылында жерленген. Менің есімімді сол кісінің құрметіне қойған. Біздің отбасымызда бұл мереке ерекше атап өтіледі», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз:

БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылды

Бүлдіршінге қазақ биін үйреткен қара нәсілді қыз жұртты тәнті етті (видео)

Алматыда жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев тұтқындалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар