Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүлдіршінге қазақ биін үйреткен қара нәсілді қыз жұртты тәнті етті (видео)

Желіде қара нәсілді қыздың бүлдіршінге қазақ биін үйретіп жатқан сәтінің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүлдіршінге қазақ биін үйреткен қара нәсілді қыз жұртты тәнті етті (видео)

Видео кадрларынан үстіне ұлттық камзол киген қара нәсілді қыздың қазақ биін билеп тұрғаны көрінеді. Ол жанында тұрған кішкентай қызға қалай билеу керек екенін көрсетіп тұрған сыңайлы.

«Шымкент жақтың қызы деп жіберіпті видео авторы. Кішкентай қыз таңғалып тұр», – делінеді видео астындағы жазбада.

Өз кезегінде желі қолданушылары қара нәсілді қызға тәнті болды. «Жарайсың, қазақша билеп жатыр», «Шымкенттен болса болсын. Жалпы, әп-әдемі», «Қара нәсілді қыз жарайсың! Қолынан келеді екен. Қазақ биін билеп жатыр», – деп жазды желі қолданушылары.

 

Сондай-ақ, пікір қалдырушылардың бірі қара нәсілді қыздың ағылшын мектебінің мұғалімі болуы мүмкін екенін айтты.

«Шатаспасам, бұл қыз ағылшын мектебінің мұғалімі. Жағалаудағы аты Принцесса болса керек», – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев тұтқындалды (видео)

Halyk Bank желіде банктің атын пайдаланып, жалған ұтыс ойындарын ұйымдастыратын алаяқтар туралы ескертті

Семейде супермаркетке келушілер соғыс жылдарындағы әндерді шырқады (видео)

Талқылау