Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев тұтқындалды (видео)

Қазақстандық бизнесмен, банкир және қаржы сарапшысы Жомарт Ертаев Мәскеуде тұтқындалды.

Жомарт Ертаев

Бұл туралы ресейлік БАҚ-ққа сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Mash мәліметінше, банкир өзінің қол астындағы қызметкер, «Д-Банк-Үштігінің» бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяковпен бірге ұсталған. Сонымен қатар тағы 2 адам тұтқындалды. Олар алаяқтықпен айналысты деп күдіктелуде.

Белгілі болғандай, оларды тұтқындауға бағытталған арнай операция Мәскеудегі «Москва-Сити» халықаралық іскерлік орталық маңында өткен.

Сондай-ақ ресейлік БАҚ-та олардың тұтқындалған сәті түскен видео пайда болды. Ол жерде Ертаевтың көлігі мен артындағы көліктер жолда келе жатқан кезінде тоқтатылып, барлығының тұтқындалғаны көрінеді.

 

Оқи отырыңыз:

Halyk Bank желіде банктің атын пайдаланып, жалған ұтыс ойындарын ұйымдастыратын алаяқтар туралы ескертті

Семейде супермаркетке келушілер соғыс жылдарындағы әндерді шырқады (видео)

Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық әйел Ресейде ота жасатып келді

Талқылау