Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

Күйеуі түрмеге қамалған шымкенттік келіншек үш баласымен өлместің күйін кешіп жүр. Отағасы қамауда кезінде әйел бала шағасымен бірге көрінгеннің босағасын жағалап, көшеде қолын жаюға мәжбүр. Шымкент тұрғыны Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат беріп, хикаясын баяндап берді.

Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

Ұлжалғастың күйеуі сегіз жылға түрмеге қамалған. Азаматшаның айтуынша, күйеуі жолдастарымен бірге өткізген отырыс кезінде жас жігітті ұрып соғып абайсызда өлтіріп қойған.

Жалғызбасты ана бұл іске жарының жолдастарың да қатысы бар екендігін алға тартып отыр. Бірақ бір топ адам қатысы бар деген қылмыстық істе Ұлжалғастың күйеуі ғана кінәлі деп табылып, түрмеге қамалған.

Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

“Бұл қылмыстық істе бірнеше адам болған. Бірақ күйеуімді қорғайтын ешкім болмағандықтан, сотталып кетті. Күйеуімді түрмеден шығару үшін ақша сұрады. Бірақ үйде бала бағып отырған менде ақша қайдан болсын?! Күйеуімнің туыстары көмектеспек түгілі балаларына бұрылып та қарамады” – дейді Ұлжалғас Абдуқаимова.

Ұлжалғасты іздейтін туысқандары жоқ. Шымкенттік келіншек жетім өстім дейді. Қазір жалғызбасты ана үшін күнделікті үш балаға тамақ тауып беру оңай емес. Жұмысқа шығайын десе, кішкентай балаларына қарайласатын ешкімі жоқ. Сондықтан Ұлжалғас Абдуқаимова көшеде қайыр тілеп, нәпақасын табуға мәжбүр болып отыр. Осылайша, күн сайын көпшіліктен түскен тиын тебеннің басын құрап, жолын тосқан перзентеріне нан-пұл әкеледі.

Шымкентте күйеуі түрмеге қамалған келіншек үш баласымен қайыр сұрауға мәжбүр

“Үш балам бар. Үлкені жетіде, ұл бала. Одан кейін Елнұр ұлым және екі жасар қызым бар. Пәтер жалдап тұрамыз. Қайыр тілеп ақша табамын. Басқа амалым жоқ. Өзімнің әке-шешем қайтыс болып кеткен. Ал күйеуімнің ата анасы көмектеспек түгілі немерелерінің де жағдайын сұрамайды. Түрмедегі күйеуімнің артынан іздеп баруға жағдайым жоқ”, – дейді Ұлжалғас Абдуқаимова.

Ұлжалғас бала шағасын асырау үшін көше кезіп қайыр тілеп жүреді. Қазір үш баласы да ауырып жатыр екен. Анасы сырқаттанған балаларына дәрі-дәрмек әпермек түгілі, күнделікті ас-ауқатын әрең тауып береді.
Егер қол ұшын созуға дайын қайырымды жандар табылып жатса 8778-181-04-52 нөміріне хабарласса болады.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Салмағы 200 келіден асатын қызылордалық әйел Ресейде ота жасатып келді

Иорданияда күйеуінің туыстары мәжбүрлеп ұстаған қазақстандық әйел екі баласымен елге оралды

Мысықты атқым келді: Ақтауда аулада ойнап жүрген балаға оқ атқан жігіт басқаша сөйлеп шықты

Ақтауда 19 жастағы сарбаз түрмеден қашқан 21 сотталушыға жалғыз өзі төтеп берген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
26.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар