Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылды

Батыс Қазақстан облысында Новенький аулындағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғына ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

БҚО-да ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан зеңбірек оғы табылды

Сурет: Көрнекі сурет

Зеңбірек оғы 8 мамырда жеке меншік үйлердің бірінің ауласындағы жерді қазу барысында табылды.

«Арнайы шаралар барысында, табылған заттың азаматтық соғыс кезінде қолданылған артиллериялық зеңбірек оғы екені анықталды. Оның ұзындығы 25-30 сантиметр болса, диаметрі – 7-8 миллиметр», – делінеді ТЖК хабарламасында.

Екі сағаттан кейін саперлер зеңбірек оғын ауылдан 3 шақырым жерге апарып жарып жіберді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.

Оқи отырыңыз:

Бүлдіршінге қазақ биін үйреткен қара нәсілді қыз жұртты тәнті етті (видео)

Алматыда жеңгетайлардан қашпақ болып көліктен секіріп кеткен қызға қатысты жаңа деректер пайда болды

Мәскеуде қазақстандық банкир Жомарт Ертаев тұтқындалды (видео)

Halyk Bank желіде банктің атын пайдаланып, жалған ұтыс ойындарын ұйымдастыратын алаяқтар туралы ескертті

Талқылау