Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есікте қыз зорлады деп айыпталғандардың соты жанжалға ұласты (видео)

Сот Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинаны зорлағаны үшін сотталған төрт азаматқа қатысты бірінші инстанция сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170214134541

Талдықорғанда Жібек Мусинованың жəне осы іс бойынша сотталғандардың апелляциялық шағымдары өзгеріссіз қалды. Бүгін Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында аталмыш іске қатысты апелляциялық шағымдарды қарау процесі басталды.

Сотталушылар бұл айыппен келіспей, апелляциялық шағым жасаған болатын. Өз кезегінде жәбірленуші – Жібек Мусинованың тарапы да тағайындалған жазаға қанағаттанбай, апелляцияға берді.  Екі тараптың апелляциялық шағымдарын қарастырған Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 2016 жылғы 28 қарашадағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Айыпталушы тарап ендігі кезекте, апелляциялық шағымды ҚР Жоғарғы Сотына жолдамақ.

Айта кетейік, бүгінгі сот отырысы жабық режімде өтіп, сот ғимаратын тəртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметі күзетіп тұрды. Облыстық сот баспасөз қызметінің берген мәліметіне қарағанда, соттың күшейтілген тəртіпте өтуіне бұған дейінгі жағдай себеп болған. Атап айтқанда, осы іс бойынша сот үкімі шыққан күні айыпталушылардың туыстары айғайға басып, тəртіпсіздікке жол берген еді.

Айта кетейік, төрт ер адам 8 жылдан 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Шешім шыққан соң айыпталушылардың туыстары жылап, жәбірленуші Жібек Мусинованың тарапына жағымсыз сөздер айтты. Қазір айыпталушылардың адвокаты апелляция түсіруге дайындалып жатыр.

Бұған дейін бір топ жігіт жабыла зорлаған қыз алғаш рет бейнесұхбат бергенін, куәгердің айтуынша, топ болып қыз зорлағандардың бірі ірі шенеуніктің күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған едік. Ол өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты.

Талқылау