Есентаеваның күйеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Сенбі, 11 Маусым , 2016 14:37

Баян Есентаеваның күйеуі Бахытбек Есентаев Алматы облысы Талғар аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

photo_17973

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

“Бахытбек Есентаев Алматы облысы Талғар аудандық Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп нақтылады Алматы облысы прокуратурасында.

Мұнымен қатар, Алматы облысы ІІД фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу істері басталғанын хабарлады. Күдікті ретінде продюсердің күйеуі ұсталған.

“Адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру” 106 бабы бойынша ҚР ҚК тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктіге байланысты сот үкімі шығарылады”, – дейді областық полиция.

Күні кеше Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, пышақтап кетті деген хабар жұртты дүрліктірген-ді. Оқиға Талғар ауданында жанармай бекеті жанында орын алған.

Дәл қазір Баян Есентаева есін жиды. Десе де, дәрігерлер денсаулық жағдайының ауыр екенін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
7 ай 5 күні кері

Баян Есентаеваны өте қатты жақсы көремін. Себебі өте әдемі жаны нәзік жан.

Анонимно
7 ай 5 күні кері

Өзі ауыр жағдайда жатқанда орнын алмастыру дұрыс емес шығар, а

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар