Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есен Елеукен жайдарманшыларға сын айтқан Уәлибек Әбдірайымовтың сөзіне жауап берді

“Жайдарман” жобасының авторы Есен Елеукен өзіне сын айтқандарға жауап берді. Ол әзілкештердің әзілін сынға алған актер Уәлибек Әбдірайымовтың сынымен келіспейді. 

Бұл туралы Есен Елеукен ER-BATYR жобасында айтты. 

Есен Елеукен пен Тұрсынбек Қабатовпен ара қатынасы жақсы емес екені талайдан айтылып келді. Екі тарап бір-біріне өкпесін көпшілік алдыyда да айтысты. Жайдарманшылар мен олардың әзілдерін бірнеше өнер өкілдері сынға алған еді. Олардың ішінде “Шаншар” театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов та бар. 

“Кей кезде “Жайдарманды”көрсем, жалығып кетем. Ішіндегі кейбіреулері ғана әдемі-әдемі әзіл айтады да қояды”, – деді Әбдірайымов. 

Есен Елеукен Әбдірайымов жақсы қатынаста екенін еске салды. Ал сын-пікірге еті үйренгенін жеткізді. 

“Мен 2005 жылдары сынға ренжитінмін. Неге айтты деп ойланатынмын. Қазір мән бермеймін. “Жайдарманның” ерекшелігі – онда не айтылатыны бәріне белгілі емес. Мен театрға барсам, оқиғаның басы басталғанан соңын біліп отырамын. Не туралы айтпақ екенін айтпақ-ақ білемін. Ал “Жайдарманда” ешкім білмейді. Ол сонысымен қызық. Әбдірайымов ағамызбен де, Нұржан Төлендиевпен де арамыз жақсы. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес және міндетті емес. “Жайдарманның” атының елге танымал болғанынын өзі үлкен нәтиже”, – деді Елеукен. 

Айтуынша, “Жайдарман” жобасының ресми түрде авторы өзі. Оның өзгеге сатып жіберген деген қаңқу сөз болып шықты. 

“Мен “Жайдарманның” авторымын. Оның логотипін де, атауын өзім ойластырдым. Ресми түрде өз атымда. Ешкімге сатқан емеспін”, – деді ол. 


Талқылау