Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержет Жарылқасын Азия чемпионатында топ жарды

Ержет Жарылқасын Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл дүрмекте 4 белдесу өткізген отандасымыз барлығында қарсыластарынан басым түсті. Ол алдымен Оңтүстік Корея балуанын 6:4 есебімен ұтса, кейін Сауд Арабия өкілін жеңді. Сөйтіп жартылай финалда Солтүстік Корея намысын қорғайтын Чан Кимді 5:3 жеңіп, финалда жапониялық Аято Сузукимен тартысқа толы белдесу өткізді. 6:6 есебі тіркелгенмен, отандасымыз сапалы әдіс жасау арқылы жеңіске жетті. Осылайша Ержет мансабында алғаш рет Азия чемпионатына қатысып, жеңімпаз атанып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанғанын жазған едік. 

Талқылау