Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ертісте басына пакет кигізіп, қол-аяғы байланған әйелдің денесі табылды

Еріктілер Ертіс өзенінен табылған дене Качир ауданының Береговое ауылында осыдан бір жыл бұрын жоғалып кеткен Дарья Николаеваға тиесілі болуы мүмкін екенін айтуда.

4398549595959

Бұл туралы Instsgram әлеуметтік желісіндегі «Павлодар мейірімділер клубы» парақшасында жарияланды.

«Кеше Железин ауданының Моисеевка ауылында Ертіс өзенінің бетіне қол-аяғы байланған және басына пакет кигізілген Дарья Николаеваның денесі шықты! Оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз!», – деп жазады еріктілер.

Екі баланың анасын іздеу шараларына қатысқан топтың мүшесі, Екатерина есімді еріктінің айтуынша, анықталған дененің шынымен де Дарьяға тиесілі екенін айту әзірге ертерек.

“Кеше Железин ауылында Ертістен әйел адамның денесі табылды, – дейді Екатерина. – Дарьяның туыстары бүгін денені анықтауы керек. Сондықтан оның нақты Дарья екенін айту әзірге ертерек”.

Еске сала кетейік, 28 жастағы Дарья Николаева 2016 жылы қазан айында жоғалып кеткен. Оның әпкесі Виктория бұған дейін хабарлағандай, бір жыл бұрын ол Качир ауылында бірге тұрған күйеуінен кетіп қалып, бір жасар Виталий және үш жасар Семенмен көшіп келген. 2016 жылы 23-қазан күні Дарьяның анасының өтініші бойынша полицейлер жедел-тергеу шараларын бастаған.

Бұған дейін оның балаларына туыстарының таласып жатқаны туралы ақпарат жарияланған еді.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

Психолог: Хиджаб үшін директорлар мен ата-аналар дауласып жатқанда, балаларға ауыр соққы болуда

Алматыда атақты спортшы тағы да далада қаңғып жүр

Талқылау