Алматыда атақты спортшы тағы да далада қаңғып жүр

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек , 2017 11:48

Танымал спортшы тағы да далада қалды. Жарты жыл бұрын Максим Цыганковты тұрғындар тауып алған еді. Бұрынғы гимнасттың әріптестері де табылған болатын. Көп адам қол ұшын созып, пәтер тауып берді, құжаттарын жасады, деп хабарлайды КТК.

2318367

Спортшы бір аптадан бері Алматының Арбатында жүр. Максим Цыганков өзін сауда үйінің күзетшілері тамақтандырып жүргенін айтты.

Спортшы өмірін дұрыс жаққа өзгерте алмағанына өкінеді. Оған алдымен өзін кінәлайды.

«Ауруханаға барып едім, бауырымның қатты ауыратынын айтты. Менің пәтерімнің қарыздары бар. Сондықтан не істерімді білмей ұят болса да осында келдім», – дейді ол.

Телеарнада алғаш спортшы жайлы көрсеткен соң оның өмірі өзгеріп шыға келді. Бейімдеу орталығында құжаттарын рәсімдеп берді. Киім беріп, тамақтандырды. Жұмысқа да тұрғызды.

-Қалай өмір сүрем? Бұрын менде мақсат болатын. Ира, Женя, достарым бар еді. Бәрі күрт өзгерді. Бір мақсат қоығым келеді бірақ қалай?.

Досының жағдайын естіген спорт шебері Ирина Брейгинаның көңіл-күйі түсіп кетті. Максимге Ирина ең алғашқы болып көмектескен жанның бірі. Максим қайта ішімдікке салынған соң екеуін бірнеше ай бұрын араласпай кеткен.

«Біз шамамыз келгенше көмектестік. Бірақ ол бірнеше айға ғана жетті. Оны түзей алмағанымыз өкінішті», – дейді Ирина.

Максимнің өзі әлі де үміт үзгісі келмейді. Алда аязды қыс келе жатыр. Қайда паналайтынын білмей отырған ол көпшіліктен көмек сұрайды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тегін тамақ салынған тоңазытқыштар пайда болды

ШҚО-да қайықпен ғана қатынайтын ауыл бар

Шахан елдімекеніндегі тұрғын үйдің басшысы 4 жылға сотталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар