Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тазалаушы ер адам жаңа туған сәбиді қоқыс жәшігінен тауып алды

Қытайлық ерлі-зайыпты мерзімінен бұрын туған сәбилерін қоқысқа тастаған. Қоқыс жинаушы сәбиді Қытайдың оңтүстік-батыс аймағынан тауып алған. Сәби жүктіліктің 30-аптасында дүниеге келген екен.

41C5F62A00000578-4639552-A_man_found_a_newborn_baby_while_he_was_digging_for_valuable_goo-a-52_1498480096424

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

23 маусымда Қытайдың оңтүстік-батысында қоқыс жинаушы жаңа туған сәбиді тауып алады. Ол сәбиді бірден ауруханаға әкеліп, артынша дәрігерлер сәбидің ата-анасын іздестірген. Ерлі-зайыптылар сәбиді мерзімінен бұрын туғаны үшін ғана қоқысқа тастаған екен.

Сәбидің салмағы небәрі 1,5 кг болған. Алайда мерзімінен ерте туғанына қарамастан, дені сау болып шығады. Полиция ерлі-зайыптыны түрмеге қамамаса да, оларға ауызша ескерту жасаған.

41C5C79C00000578-4639552-image-a-7_1498475458111

“Сәбиіміз мерзімінен бұрын туғандықтан, оны қоқысқа тастадық. Денсаулығында ақау бар шығар деп ойладық”, – дейді сәбидің әкесі.

Денсаулық сақтау органдарының хабарлауынша, әрбір 13-сәби мерзімінен бұрын туады екен. 34-аптаға дейін туған сәбилерге ерекше күтім қажет.


Жіберіп алмаңыз:

Мәскеуде бойжеткен банкке тыржалаңаш күйінде кіріп келді

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, ұлттық туды ұстап жүрді

Қазақстанда ЭКСПО белгісіндегі спиннерлер шығарыла бастады

Ким Чен Ынның суреттерде құлағының кемістігін алғызып тастайтыны белгілі болды

Талқылау