Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев небәрі 9 күн министр болды: желіде оны әзілге айналдырды

Күні кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев маңызды шешім қабылдап, Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Осылайша, таяуда ғана еліміздің ішкі істер министрі атанған Ерлан Тұрғымбаев бұл қызметте небәрі 9 күн ғана болып үлгерді. Осыған байланысты желі қолданушылары экс-министрді әзілге айналдырды, деп жазады Stan.kz.

Ерлан Тұрғымбаев

Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі қызметіне 12 ақпанда тағайындалған еді. Желі қолданушылары небәрі 9 күн министр болған Тұрғымбаевқа қатысты әзілдеп, «Қалайша отставкаға?» деп жазған.

Кейбірі оны “ең жылдам министр” деп атады.

Айта кетсек, экс-министр осы мерзім ішінде өзінің кеңесшісі әрі ІІМ-нің ресми өкілін тағайындап, журналистерге сұхбатында олардан қашпайтынын айтып, дос болуға уәде беріп үлгерді.

Еске сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешім шығарып, бұйрыққа қол қойды. Президенттің Қазақстан үкіметі алдына қойылған міндеттерді атқара алмайтыны туралы мәлімдемесі Ақорданың баспасөз қызметіне жарияланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, министрлер мен әкімдер халықпен жұмыс істеп, адамдардың проблемаларын тыңдап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен саясатты түсіндіре алмайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау