Қазақстанда білім және ғылым министрі ауысты

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 21:08

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлан Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

photo_24071

Сурет ortcom.kz сайтынан алынды

«Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», – делінген Жарлықтың мәтінде.

Еңбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігінің Қолданбалы экономика департаментінің халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкінің ауыл шаруашылығы департаментінің ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қаласы). 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін “Жаңа технологиялар. Қазақстан” АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы болды, бас директордың лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Дамира says:

    Аслан Сәріпжанов кезінде талай сынға қалған болатын. Ендігіде ондай сындар қайталанбайды деген ниеттеміз. Жаңа Министрге сәттілік!

  • Жұмбақ жан says:

    Тагы да, бари озгеретин болды гой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар