Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еріктілер жоғалған алматылық әйелдің қайда болуы мүмкін екенін анықтады

Еріктілер бір ай бұрын жоғалған Алматы қаласының тұрғыны Ольга Городецкаяны іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Олар әйел табылуы мүмкін деген жерді анықтаған екен.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

4 қазан күні 28 жастағы Ольга Городецкая Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан Mega Park сауда орталығынан шыққан. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Екі баланың анасын полицейлер мен еріктілер де іздестірді. Жуырда еріктілер әйел Ресейде жүрген болуы мүмкін деген болжам жасады. Олар әйелдің SIM-картасының қайда екенін анықтаған екен. Алайда бұл дерек ресми расталмады.

28 қазан күні еріктілер әйелді іздестіру жұмыстарын не себепті тоқтатқандарын түсіндірді.  “Соңғы рет “Симлокатордың” көмегімен Ольганың 2 сим картасының Ресей Федерациясы аумағында қосылғанын анықтадық. Осыдан кейін Ольга Городецкая, расымен де, РФ аумағында жүрген болуы мүмкін деген болжам жасадық. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәлімет ресми расталмай келеді.

Алайда С.О.Б. тобы 70% сеніммен Ольга Городецкаяның қайда және қандай мақсатта жүргенін айта алады. Аталған есеп қолға келіп түскен ақпарат пен расталған фактілер нәтижесінде құрастырылып отыр. Жуырда С.О.Б. тобының қолына жоғалардан бұрын Ольга Горедецкая өзі жазып қалдырған хаттар келіп түсті. Ол жерде сот орындаушылары мен заңгерлердің аты-жөндері жазылған. Ал оларды жұртқа жария етуге біздің құқығымыз жоқ.

Хатта аты аталған мамандар қаржы мәселесін шешудегі өз істерінің шеберлері. Мұнымен қатар, Ольга Городецкаяның әртүрлі банктен алған 500 000, 2 000 000 теңге көлеміндегі қарыздарының бар екені анықталды. Бұдан өзге жалақыға дейін ақша беретін кеңселердің де нөмірлері табылды. Алайда бұл ақшалардың барлығы Ольга Городецкаяға не себепті қажет болғаны әзірге құпия”, – деп жазады еріктілер.

Аталған топ еріктілері Ольга Городецкаяның Facebook желісіндегі достарының Ресейдің әртүрлі аймағында тұратындарын анықтаған. Facebook әкімшілігінің арқасында әйелдің қай аудандарда белсенділік танытып, кімге көп хат жазғанын анықтаған.

Ольга Городецкаяның өзімен бірге көп сомадағы ақша ала кеткені анық. Десе де, жақындары әйелдің балаларын қандай жағдай болса да тастап кетпейтінін айтады. Мұнымен қатар, оның Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өткені туралы ақпарат жоқ. Аталған топ оны 24 күн бойы үздіксіз іздеген болатын. Ал полициядағы адам жоғалуына қатысты іс әлі жабылмаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Сара Назарбаева ұзақ үзілістен кейін халық алдына шыға бастады

Қазақстандағы ең жас орыс мәжілісмен қазақ қызына үйленді

Жабайы түлкінің әрекеті ШҚО тұрғындарын таңғалдырды (видео)

Батыс қазақстандықтарға ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Талқылау