Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адамның мойнындағы ісік 20 жылдан кейін адам басындай болып үлкейіп кеткен

Үндістанда фермер мойнында 20 жыл бойы өсіп келе жатқан ісікті алдыруды ұйғарды.

Ер адамның мойнындағы ісік 20 жылдан кейін адам басындай болып үлкейіп кеткен

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сомаи есімді 55 жастағы ер адам денесіндегі ісікті байқағаннан кейін, оны «қалқанша безі ісіп тұр» деп ойлаған. Ер адамның мойнындағы ісіктің үлкендігі адам басындай болғанда ғана, ол алаңдап, дәрігерлерге жүгінген.

Дәрігерлердің сөзінше, ер адамның мойнынан алынған ісіктің салмағы1, 4 келі болған. Оған жасалған ота 3,5 сағатқа созылыпты. Абырой болғанда, ісік қатерсіз болып шықты.

Ота жасаған дәрігердің айтуынша, ота күрделі өткен. Ісік пациенттің ұйқы күретамырларын басып тұрғандықтан, ота жасау туралы шешім шұғыл қабылданған.

Өз кезегінде фермер көптен бері алғаш рет басының ауырғаны басылғанын мойындады.

Қазіргі уақытта ер адам отадан кейін сауықтыру процедурасын қабылдап жатыр. Жақында ол үйіне жіберіледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау