Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енемнің атын бердік": Баян Мақсатқызы әйелдерге арналған оңалту орталығын ашты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдерге арнап, орталық ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Продюсердің айтуынша, бүгінде орталық өз жұмысын бастауға дайын екен. 

“Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балаларға арналған оңалту орталығын ашатынымды көптен бері айтып жүрмін. Орталық дайын! Жақында жұмысын бастайды. Қоғамның көзқарасын өзгертіп, әйелді қорлауға жол бермеу үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Біздің орталық құтқарушы емес.  Бақытты отбасыға арналған орталық болмақ. Орталық үлкен, жарқын, жайлы, жүзге жуық әйелді қабылдауға дайын. Бізде жетекші мамандар, яғни ең жақсы психологтар, заңгерлер, медицина қызметкерлері, тәрбиешілер, оқытушылар жұмыс істейді. Барлық әйелді қалай құтқаруға болады? Білмеймін, бұл мүмкін емес шығар. Бұл мәселеге қатысты қоғамның ойы мен көзқарасын өзгертуге болады. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ”, – деп жазды продюсер. 



Сонымен қатар орталықтың аты да белгілі болды. Медиа саласының айтуынша, енесінің атын берген көрінеді. 

“Оңалту орталығымыздың аты – “Клара". Бұл – менің жұбайымның анасының есімі. Мен Клара анамыздың бізге көктен қарап, игі істерге батасын беретініне сенемін", – деді Баян Мақсатқызы. 

 Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Талқылау