Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең алғашқы смайлик 1635 жылы жазылған

Адамзат тарихындағы ең алғашқы смайлик бейнеленген құжат Словакиядан табылды. Мұндай смайликті 1635 жылы словакиялық қорғаушы құжаттарында бейнелеп отырыпты.

Безымянный

Ең алғашқы смайликке ұқсас сызба табылғаны жөніндегі ақпаратты Словакия Ұлттық мұрағатының директоры Петер Бриндза Barcroft арнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Смайликті 1635 жылы бірінші рет словакиялық қорғаушы Ян Ладислаидес өрнектеген екен. Ян құжаттарының барлығында кішкентай дөңгелек жасап, ішіне екі нүкте мен көлденең сызықша қойып отырған. Ғалымдар зерттей келе, бұл сурет автордың құжатқа қатысты эмоциясын білдіретін (куәландыратын) сурет екенін анықтаған.

Қазір осыған ұқсас смайликтер интернетте хат алмасу кезінде қолданылып жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Жомарт жан әр түн сайын 1000-ға жуық адамды тегін тамақтандырады

Қытайдағы қолдан істелетін жасанды тауық жұмыртқасы қазақстандықтарды шошытты (видео)

Талқылау