Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі дағдарысқа байланысты ірі сауда орталықтарының дүкендері жабылып жатыр

Елдегі бөлшек сауда орталықтары жабылуға жақын. Теңгенің құнсыздануы көптеген сауда орталықтарының күйреуіне әкеп соғуда, -деп хабарлайды Stan.kz Караван медиа порталына сілтеме жасап.

маркет

Мәселен, көпке танымал “Рамстор” сауда орталығы Алматыдағы екі бірдей дүкенінің жұмысын тоқтатты. Сол сияқты Green сауда орны да бір дүкенінің қызметін қысқартты. Бұдан бөлек көптеген сауда орындарының жұмысы тоқтатылып жатыр.

Арзан” сауда орталығының коммерциялық директоры Талғат Өмірбаевтың айтуынша нарықтағы құлдырау, әсіресе, планшет, фотоаппарат, ноутбук сынды сандық технология саласында байқалуда. Сол сияқты үй кинотеатры, музыкалы орталықтар мен видеолық құралдар да сатылымда төмен көрсеткішке ие. Мұндай көрсеткіштер келесі жылы да орын алуы мүмкін.

2016 жылы қазақстандықтардың азы-түлікке жұмсалатын қаржы шығыны өсіп, шетелдік тауарларға деген сұраныс азаяды. Олардың орнын оның көшірме тауарлары басады. Тіпті, көп ұзамай ел нарығынан шетелдік қымбат брендті киімдер ысырыла бастайды.

Талқылау