Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде тағы бір банкке тықыр таянды

Қазақстан қор биржасы өз міндеттерін уақытылы орындамағаны үшін Дельта банкты қор нарығынан шығарып тастады. Яғни, банк келісілген күні қаржысын төлей алмаған. Бірақ бұл қаржы ұйымындағы жағдай мүшкіл деген сөз емес дейді биржадағылар. Бұл туралы КТК хабарлайды.

кпкп

“Биржа нарығында өз міндеттемелерін орындай алмауы ол банктің жағдайы нашарлады деген сөз емес. Оған техникалық немесе басқа да оқыс жағдайлар әсер етуі мүмкін. Әзірге банк қор нарығынан уақытша шеттетілді”, – деді “Қазақстан қор биржасы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская.

Дельта банк былтыр күзде де Казинвестбанкпен бірге уақытша лицензиясынан айырылған болатын. Казинвсетбанк сол тығырықтан шыға алмай ақыры жабылып тынды. Ал Дельта банк желтоқсан айында қызметін қайта жалғастыруға Ұлттық банктен рұқсат алған.

Арада жарты жыл өтпей жатып енді қор нарығынан шығарылып отыр. Дегенмен, сарапшылар банк салымшылары үшін қауіп тудырарлық ештеңе жоқ дейді. Өйткені қаржы институты лицензиясынан айрылғанның өзінде елімізде депозиттерді сақтандыру қоры бар.

“Банк салымшыларының басым бөлігі – бизнесмендер. Сондықтан бұл жағдайға кәсіпкерлер ғана алаңдауы тиіс. Ал жеке салымшылар үшін аса бір қауіп төніп тұрған жоқ. Өйткені Дельта банк – депозиттерді сақтандыру қорының қатысушысы”, – деді экономикалық сарапшы Айдос Тайбекұлы.

Оқи отырыңыз:

Алматыда Қытайдан темір тұлпар жеткізетін автосалон ашылды

17 жасында бизнесін ашқан қазақ жігіті табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді

Зейнетақы қорындағы ақшаның жұмсалуы тағы түсінбестік туғызды

Қазақстанда бірнеше банк бірігуі мүмкін

Талқылау