Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елiмiзде педофилдердi химиялық “пiштiру” жазасы 2018 жылы іске қосылады

Елiмiзде педофилдердi химиялық “пiштiру” жазасы 2018 жылдан енгiзiледi. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде балаларды қорғау күнiне арналған баспасөз мәслихатында ҚР IIМ Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң бөлiм басшысы Әсет Оспанов айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

уколлл

«Педофилдерге қатысты қылмыстық iстi тергеу барысында сот-психиатриялық сараптама тағайындалатын болады. Бұл экспертиза қорытындысы адамның кәмелеттiк жасқа толмағандарға әуестiгi бар екендiгiн көрсетедi. Осы қорытынды бойынша сот оған химиялық “пiштiру” жазасын кесу бойынша шешiм қабылдайды. Бұл норма елiмiзде 2018 жылдан күшiне енедi», – дедi Оспанов.

 

 

Талқылау