Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде доллар курсы арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00-де доллардың орташа алынған бағамы 1,18 теңгеге төмендеп, 431,20 теңгені құрады деп хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Доллар курсы рекордтық көрсеткішке жетті

Айырбастау пункттерінде доллар 431 теңгеге сатып алып, 433 теңгеден сатылып жатыр. Еуро - 512 теңгеге сатып алып, 515 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублі 5,55 сатып алып, 5,61 теңгеге сатылып жатыр.

Еске салайық, өткен аптаның соңында доллар бағамының өсуі байқалып, еуро да қымбаттады.

Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшартының құны 2021 жылдың қаңтарында Лондондағы ICE биржасындағы сауда-саттық кезінде 3,04% өсіп, барреліне 40,65 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 3,31% көтеріліп, барреліне 38,73 доллар шамасында.

Бұқаралық ақпарат құралдары атап өткендей, АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде мұнай бағасы өсіп келеді.

Талқылау