Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дұғалова мен Санда «таласқан» сыйлық Индира Елемеске бұйырды

22 қыркүйек күні MuzZone телеарнасы Еуразиялық музыка сыйлығы байқауының жеңімпаздарын анықтады. Бірнеше күннен бері қоғамда бұл байқаудың әділетсіз өткендігі жайында пікірталастар жүріп, байқау қорытындысы қызу талқылануда.

санда жанар

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Үздік орындаушы» аталымына биыл үш ару ұсынылған еді. Олар –  Жанар Дұғалова, Санда және жас әнші Индира Елемес. Шыны керек, жұрттың көпшілігі бұл сыйлықты Дұғаловаға немесе Сандаға беріледі деп күтті. Алайда, ешкім күтпеген жағдай орын алып, бұл тұғырдан жас әнші Индира Елемес көрінді.

Байқау алдында Санда Жанардың мықтылығын мойындап: «Менің басты қарсыласым – Жанар Дұғалова. Тыңдармандардың көпшілігі Жанарға дауыс берген. Қазіргі фаворит сол», – деген болатын. Санда да барша қазақстандықтар секілді бұл сыйлықтың Индира Елемеске бұйыратынын күтпеген секілді. Өз сөзінде ол Индираны есіне де алмады.

sanda

Есесіне, әнші Индира Елемес бұл сыйлыққа еңбекқорлығының арқасында жеткеніне сенімді.

Screenshot_5

«Биыл жеңістің маған бұйырғанына қуаныштымын. 1 жыл атқарған еңбегіміздің еленгеніне рахмет! Келесі жылы осындай жеңіс кімге бұйырса, мен сол əріптесім үшін қуанатын боламын. Ұйқысыз түндердің, сары уайымның, қобалжудың, жанардағы көз жастың ақталған күні.
Жаратқанның қалауымен осындай атаққа ие болдым!» – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ал Дұғалова бұл жағдайға қатысты ештеңе демеді. MuzZone сыйлығымен суретке түскен ол өзіне дауыс берген жанкүйерлеріне алғыс айтумен шектелді. Ал марапаттау рәсімінен хабары жоқ тыңдармандар жеңіске сөзсіз Дұғалова жетті деп сеніп, оны құттықтап жатты. Ал енді біреулер бұл жерде продюсердің үлкен рөл ойнағанын айтты. Келесі оқырмандар Индира Елеместің кім екенін де танымайтынын мәлімдеді.

14295569_160854867695817_2063284323150200832_n

14288106_1772709802997769_6682606518551969792_n

erik bayan

Айта кетейік, продюсер Алуа Қонарова да биылғы жылы аталмыш байқаудың әділетсіз өткенін айтып, бұдан былай өз шәкірттерінің “ЕМА”-ға қатыспайтынын тілге тиек етті.

Жіберіп алмаңыз:

«Аяулы жас келін» байқауының жеңімпазынан үздік келін атану үшін 7 кеңес (фото)

Әбдірайымов стильдерін өзгертпесе, 91 тобын ұрып-соғатын намысты жігіттердің табылатынын ескертті

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянын студенттік шағын сағынған жандарға арнады (видео)

Талқылау