Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық музыка сыйлығы байқауының жеңімпаздары анықталды (фото)

Еуразиялық музыкалық сыйлығы байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл MuzZone телеарнасы ұйымдастырып, жаңадан ашылған Аlmaty Arena мұз айдынында өткен мерекелік шара 10 мың көрерменнің басын қосты.

премия

Дауыс беру нәтижесі және телеарнаның таңдауы бойынша ең үздік концерттік шоуды Қайрат Нұртас қойған. Алайда әншінің өзі марапаттау рәсіміне келмеген. Hip-Hop жанрында үздік деп Скриптонит атымен танымал рэпер танылды. Айта кетейік, Скриптонит Қазақстанда ғана емес, Ресей де танылып үлгерген өнерпаз.

40_main

Роза Рымбаева «Еуразия әртісі», ал Әлішер Кәрімов «Үздік орындаушы» атанды. Ал қоғамда екіжақты пікір тудырған “Ninety One” тобы «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алды.

Screenshot_1

14334609_1140736775992595_698411529720037376_n

«Өгей жүрек» телехикаясында басты рөлді сомдап жатқан әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева биыл «Үздік телеарналық образ» аталымын жеңіп алды. Жолдыбаева бұл марапаттың ол үшін мағызы зор екенін атап өтті.

14448247_1313160078703082_7572334076527378432_n

«Ең үздік дуэт» аталымы Айқын мен Сосо Павлиашвилиге бұйырды. Айта кетейік, биыл қос әнші өз жұбайларына арнап бірігіп ән жаздырып, бейнебаян да түсірген болатын. Жұрт алдына шығуды ұнатпайтын Айқынның жары алғаш рет телеэкраннан көрінген.

Aikyn

«Үздік ерлер тобы» аталымы жуырда ғана жаңа бейнебаяндарының тұсауын кескен The Jigits тобына бұйырса, «Үздік қыздар тобы» аталымын нешінші жыл қатарынан «Кеш you» арулары жеңіп алды. Ал Ринат Гайсин «Үздік композитор» атағына ие болды.

14350544_559143297605766_8633464983193124864_n

14287921_872629736204533_7761019407249178624_n

«Үздік орындаушы» аталымын жас әнші Индира Елемес жеңіп алды. «Үздік әйел образы» аталымы бойынша Лидо, ал «Ғаламтор таңдауы» аталымы бойынша әнші Ернар Айдар марапатталды.

14269119_1780058062274909_6501611824989863936_n

14334530_183792348722243_2748234411752292352_n

Сондай-ақ, келесі өнерпаздар мына аталымдарға қол жеткізді:

“Үздік ұжым” – Yes17

“Шоу-бизнестің дамуындағы үлесі үшін» – Карина Абдуллина

“Ең стильді ұжым” – “Нури” тобы

“Үздік рок-топ” – “LampЫ Orchestra” тобы

“Үздік бейнебаян” – Артур Төлеповтың «Без тебя» әніне түсірілген бейнебаяны

“Үздік ән” – Максим Лесниковтың «Үнсіз сезім» әні.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас досына Алматыдан 50 мың доллар тұратын су жаңа пәтер алып берді

Мөлдір Әуелбекова шәкірт тәрбиелеумен айналыса бастады

Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянын студенттік шағын сағынған жандарға арнады (видео)

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Талқылау