Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі кезекті бейнебаянын студенттік шағын сағынған жандарға арнады (видео)

Төреғали Төреәлі мен жас әнші Асқар Маденов дуэт болып ән орындап, бейнебаян түсірді. «Студенттік өмір» деп аталатын туынды – осыдан бес жыл Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін бітірген түлектердің оқу орнына, ұстаздарына тартуы ретінде ұсынылып отыр.

Screenshot_3

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Клип талапкерден-түлекке дейінгі кезеңді қамтыған. Алғашқыда өздерін тізімнен көрген білімгерлер қуанышы, одан кейін әлі де шалалығы басым, балалықтан арылмаған бірінші курс студенттері, ал артынан есейіп, ұстаздарына алғыс айтып, оқу орнын тәмамдаған түлектер… «Студенттік өмір» бейнебаянының желісі осындай!

Бейнебаянға танымал актерлер, Т.Жүргенов академиясының түлектері Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, сондай-ақ, актриса Анар Батырхан және т.б. түлектер түскен.

Аян Өтепберген: «Т.Қ.Жүргенов атындағы академиясының колледж қабырғасы, Есім Жүкеұлы Сегізбаевтың шеберxанасын бітіргенімізге 5 жыл толуына орай Төреғали Төреәлі мен Асқар Маденов бауырларымның “Студенттер әні” бейнебаянын қабыл алыңыздар!» – деп жазды.

Ал студенттік шағын сағынған тыңдармандар аталмыш туындының жүрекке жеткенін айтты.

«Керемет, жүрекке жетті, студенттік кезді, группалас достарымды қатты сағындым», «Көптен күткен клип, тамаша», «Керемет, жасай бер, жандандыр қазақ шоу-бизнесін», – дейді желі оқырмандары.

Алайда Ұлы дала баласының бұл туындысын жеңіл деп тауып, ұнатпаған тыңдармандар да кездесті. Ал сіз не дейсіз, оқырман?

Жіберіп алмаңыз: 

Тамара Асар Төреғалидің концертіне өзі тіккен көйлекті киіп шықты (видео)

Төреғалидің әкесі елден жасырын түрде келін түсірді (фото)

Төреғали мен Ерке «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

Айқын Төреғалидің әнін «ұрлап» алды (видео)

Талқылау