Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауыннан кейін Дубайды су басты (видео)

Толассыз жауған жаңбыр мен дауылдың салдарынан Дубайды су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласындағы су тасқынының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. 

Khaleej Times басылымының мәліметінше, ауа райына байланысты қаладағы метро қатынасы үзілген. Абу-Даби мен Дубайда көптеген ғимараттар мен аудандарда электр қуаты мен су үзілген.

Тұрақсыз ауа райы жағдайында Дубай билігі мемлекеттік қызметкерлер мен жеке мектеп оқушыларының қашықтан жұмыс істеу және оқу мерзімін ұзартты.

Билік жеке компанияларды қызметкерлерін үйден жұмыс істетуге және жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Қала әуежайындағы рейстер тоқтатылып, кейінге шегерілген. Кейбір рейстер басқа әуежайларға жіберілді.

Талқылау