Дубайда атақты кондитер миллион доллар тұратын қалыңдық кейпіндегі торт жасады

Дубайдағы BRIDE Dubai 2018 көрмесіне келушілер дизайнер Дебби Вингхэмнің пісірген қалыңдық тортынан дәм татты. Атақты дизайнер шоколадтан қалыңдық кейпіндегі торт пісірген.

 

Тортта той көйлекіндегі әйелдің мүсіні болды. Оның биіктігі 180 сантиметр, ал салмағы 120 келі. Тортты жеткізу үшін алты адам қажет болған. Бұл туралы Oddity Central жариялағанын, Stan.kz хабарлайды.

«Қалыңдық кейпіндегі» тортты жасау үшін 25 келі шоколад кеткен. Ал оның көйлегі 50 келілік кондитерлік мастикадан жасалған. Ол бес мың мастикалық қолмен жасалған гүл мен он мың жеуге жарайтын меруертпен безендірілген. Одан басқа, көйлекпен бас киімде бес нағыз гауһар тас жасырылған. Олардың әрқайсысының құны 200 мың доллар.

 

Дебби осы уақытқа дейін 16 миллион доллар тұратын аяқ киім жасаған. 4,8 миллион долларлық гауһар тасы бар көйлекті және әлемдегі ең қымбат үйлену тойының тортын жасаған. Оның бағасы 67 миллион доллар болған.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар жер бетіндегі 280 адам ғана сөйлейтін белгісіз тіл тапты 

Мектеп маңында жүрген аш қабанды оқушылардың ата-аналары видеоға түсіріп алған 

Ғалымдар жас жұбайлардың опасыздық жасауға бейімділігін тексеру үшін тест жасады 

Жарты бетімен туылған қыз: Мен әлемдегі ең бақытты адаммын

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар