Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жас жұбайлардың опасыздық жасауға бейімділігін тексеру үшін тест жасады

Жас жұбайларға зерттеу кезінде белгісіз адамдардың суреті көрсетілді. Суреттегілер оларға әдемі көрінбеген сайын олардың жолдасына опасыздық жасамайтыны анықталды.

Флориа университетінің психологтары тест жасап, жас жұбайлардың алдағы 4 жылда опасыздық жасауы қаншалықты мүмкін екенін тексерді.

Мамандар жас отбасыларды 3 жыл қатарынан бақылауда ұстады. Ақырында жас отбасылардың жартысының ажырасып кеткенін анықтады. Олардың бір бөлігі жолдасының опасыздық жасағанын білген соң ажырасып кеткен.

Мамандардың тексерісі кезіндегі өзге жігіт пен қыздың суретін ұзақ қараған жас жұбайлардың ажырасып кеткені мәлім болды.

Суреттегілердің түрін әдемі деп балаған жұбайлардың опасыздыққа бейім келетіні белгілі болды.

Ғалым Джим Макналти «Адамдар барлық кезде өз іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Не істеп жатқанын өзі де білмеуі мүмкін. Сондықтан опасыздықтарға барады», – дейді.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар парацетамол дәрісінің қандай қаупі бар екенін тізіп берді

Анасы аяусыз ұрған 3 жасар бала есін жимастан көз жұмды

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Талқылау