Досаев «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 14:11

2016 жылдың 11-ші шілдесінде «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті. Оның барысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев сайланды.

досаев

Директорлар кеңесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының үй жағдайын жақсарту мүмкіндігін ұлғайтатын, әрі ел аймақтарындағы тұрғын үй құрылысын жандандыруға бағытталған «Өз үйім» бағдарламасының негізгі шарттарын қарастырды.

Сонымен қатар, отырыста «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 2015 жылдың қортынды Есебі, Банкпен ерекше қарым-қатынастағы тұлғалармен арадағы келісімдер мен басқару есептері алдын-ала бекітілді.

Директорлар Кеңесі отырысының қортындысы бойынша Банк Басқармасына «Өз үйім» бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алып, Банк салымшылары болып табылатын бағдарлама қатысушыларын қандай да бір қауып-қатерлерден сақтау бойынша міндеттер жүктелді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар