Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Діни басқарманың қолдауымен “Өнер қырандары” 15 қалада рухани кеш өткізеді

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ-ның бастамасымен «Өнер қырандары» театры «Берекелі мереке 3» атты рухани-патриоттық жоба ұйымдастырады.

xlarge

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен пресс-конференцияда театр жетекшісі Мадияр Серікбаев мәлімдеді.

«Берекелі мереке» рухани кешінің мақсаты жайлы айта келіп: «Біз театрландырылған көріністер арқылы дініміздің асыл құндылықтарын, еліміздің игі дәстүрлерін насихаттап, жасөспірімдерді отансүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелеуді мақсат етеміз» деді директор Мадияр Серікбаев.

Шараға ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Құрбанұлы қатысты.

«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 3» атты рухани концерті 15 қалада өтеді. Жат ағымдармен күресудің бір жолы мәдениет ошақтарында ұйымдастырылатын рухани қойылымдар екені белгілі. Рухани кеште рамазанға дайындық, дініміздің құндылықтары т.б түрлі тақырыптар өзек болады», – деді Сансызбай Құрбанұлы.

Рухани қойылымдардың қорытындысы ретінде «Өнер қырандары» театрының концерті Алматы қаласында мамырдың 21-де өтеді.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда шенеуніктер миллиондаған адамды ХҚКО-ға бекерге жұмсап келген

Ақтөбеде алты баласы бар отбасы су тасқыны кезінде баспанасыз қалғандарды паналатып отыр

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Талқылау