Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың орындауындағы әнді шырқаған Меруерт Түсіпбаева жұртты тамсандырды (видео)

Әнші Меруерт Түсіпбаева Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Дайдидау» әнін шырқап жұртты тамсандырды, деп жазады Stan.kz.

Меруерт Түсіпбаева

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында концерт алдында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді шырқаған видеосын жариялады.

Видеода әнші адырнаның сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін орындады.

«Атадан қалған мұра. Көне аспап адырнаны тыңдап, жүрегім дір етті», – дейді әнші видеода.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өте сезімтал жан екенін айтып, әнді орындауына тәнті болды.

«Даусыңыз керемет екен», «Меруерт, әнді керемет айтасыз. Даусыңыз өте әдемі», «Жүрекпен тыңдай білгеніңізге рахмет», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Айта кетсек, бұған дейін Меруерт Түсіпбаева “Қазақстан” арнасының эфирден өзінің әнін қиып тастағанына қатысты пікір білдірді.

Талқылау