Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың ата-анасы балаларының қалай “қытайлық ғажайыпқа” айналғанын айтты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов ерекше талантымен күллі қытай жұртшылығын таңқалдыруда. Ол “I am a Singer” музыкалық реалити-шоуының бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы КТК хабарлайды.

0f4645089b64cf29ed0eb00914b370cc

Фото: Pandaland.kz

Бірі оның дауысына қызықса, бірін Димаштың келісті келбеті тәнті еткен. Осылайша ол аз уақытта Қытайдағы ең танымал адамға айналып шыға келді. Ол ән айта бастағанда-ақ шапалақтар ағыны толастамайды. Ал жобаға қатысып жатқандардың барлығы дерлік Қытай елінің ең танымал, кемеліне келген жұлдыздары. Алайда бірінші кезең қорытындысы бойынша олардың ешқайсысы Диимаштың шаңына ілесе алмады.

“Менің қандай орын алатыным маңызды емес. Бірақ, мен қай жарысқа барсам да ешқашан екінші болып көрмегенмін. Әрине мен мақтанбаймын, бірақ бірінші кезекте айтқан әнің көрермендерге ұнауы тиіс”, – дейді Димаш Құдайбергенов.

Димаш әуелі “Жас Қанат”, сосын “Мейкин Азия”, кейін “Славян Базары” байқауында топ жарды. Жарыс өтіп жатқан Хунань провинциясына әкесі Қанат та еріп барған. Ал анасы ұлына Ақтөбеден қолдау білдіруде.

“Бұл оның үлкен еңбегі. Дауысының осындай биікке жетіп, көрермендерді тәнті етуі үшін ол үлкен жұмыс істеді. Түрлі тәсілдерді қолданып, күн-түн демей еңбектенді. Оның осы сайысқа қатысуының өзі үлкен жеңіс. Бізге Қазақстанның түкпір-түкпірінен хабарласып, жанкүйер болып жатыр”, – дейді анасы Светлана Айтбаева.

Қазіргі таңда Димаш туралы Қытай бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жаза бастаған.

“Димаштың ерекшелігіне келетін болсақ, ол өте еңбексүйгіш. Ол оқу мен шығармашылықты байланыстыра алған бірегей жан. Оған гуманитарлық пәндер көп ұнайтын. Әсіресе, әдебиетке, Қазақстан тарихына, дүниежүзі тарихына қатты қызығады”, – дейді ұстазы Роза Қуанышқызы.

“I am a Singer” музыкалық жарысы 14 кезеңнен тұрады. Оған жеті орындаушы қатысады. Осыған дейін Димаштың Қытайда әлем мойындаған әншілер сайысына қатысып жатқанын жариялаған едік. Қытайлықтар қазақстандық әншіге “Тәңір өзі назарына алған әнші” деп баға берген. Ал жерлесіміз сайыстың алғашқы турында жеңіс тұғырынан көрінді.

Оқи отырыңыз:

Ернар Айдар: Намаз оқыса да, ата-анасын сыйламайтын жастар бар

Ұлына елде жоқ есім берген Мөлдір Әуелбекова оның мағынасын түсіндірді

Карина Абдуллина марқұм Болат Сыздықовқа ән арнады (видео)

Желідегілер Луинаның ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып масқаралады (фото)

Талқылау