Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлына елде жоқ есім берген Мөлдір Әуелбекова оның мағынасын түсіндірді

Мөлдір Әуелбекова не себепті ұлына елде жоқ есім бергенін түсіндірді. Әнші жуырда ұлын қырқынан шығарғанын айтып берді.

Screenshot_15

Әуелбекованың жолдасы ел назарын өзіне аудартқанды ұнатпайтын жан. Сол себепті перзентханадан шығу, қырқынан шығу рәсімдері елден жасырын түрде өткен. Тек арада бір ай уақыт өткен соң әнші «қырқынан шығарудың» қалай өткенін көрсетті.

«Қырқынан шығардық, Құдайға шүкір. Есімін Салтай деп қойдық. Менің жолдасым Арыстанның ең жақын досының есімі – Салтай, сол досының құрметіне атап қойдық. Салтай деген екі мағынада. «Сал» және «тай» деп екіге бөлетін болсақ, сал дегеніңіз үлкен жайлауда биенің қасында еркін өскен құлыншақ, «Сал тай» дегендегі мағынасы сондай. Екінші мағынасы – араб тілінен аударғанда денсаулығы мықты дегенді білдіреді», – дейді Мөлдір Әуелбекова «Той думан» арнасына берген сұхбатында.

Жіберіп алмаңыз:

Мәдина Сәдуақасова шашын сары түске бояп тыңдармандарын шошытты (фото)

Хитменге айналған Қуандық өзге қырынан танылды (видео)

Аша Матай 2 миллионды бағындырып Баян Есентаеваны қуып жетті

Серік Ибрагимов супермаркетте әйелімен вальс биледі (видео)

Талқылау