Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат сұхбат беріп жатқан кезінде кәрізге құлап кетті (видео)

Үндістанның Джамнагар қаласында аймақтық парламенттің “Бхаратия джаната парти” саяси ұйымының атынан депутат Пунамбен Маадам көшеде сұхбат беру кезінде кәрізге құлап кетті.

аимаи

Депутат Пунамбен Маадам (Poonamben Maadam) тереңдігі үш метрге жуық шұңқырға құлап түсті. Ол опырылған бетон кесектерінің астында қалған.

Әйел әуелі жақын жердегі ауруханаға, одан кейін Мумбаиға жеткізілді. Дәрігерлер Маадамның өміріне еш қауіп төніп тұрмағандығын хабарлады. Пунамбен Маадам аяғын жарақаттап алды.

Сондай-ақ, топырақ қабатының опырылуы салдарынан тағы басқа екі әйел зардап шекті. Олар ауруханада жатыр.

Талқылау