Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетовтің экс-келіні үш баламен жоқшылықтың азабын тартуда

Бейсенбі, 8 Қыркүйек , 2016 21:34

Парламент депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің отбасында жанжал шықты. Депутаттың экс-келіні бұрынғы қайын атасынан көмек сұрады. Ештеңеден тайынбаған әйел бұрынғы күйеуінің алимент төлемейтінін айтып, видео да түсірген.

itt-1

 

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғаламторда Әйгерім Ізмұхамбетованың видеосы пайда болды. Материалдық жағдайының мүшкіл екенін айтқан үшбалалы ана өзін депутаттың бұрынғы келіні деп таныстырды. Алайда депутаттың өзі онымен туыстық байланысын мойындағысы келмейтін сыңайлы.

Жоқшылықтың қасіретін тартқан ана балаларына нан тауып беру үшін ескілеу «Тойота» көлігімен Алматыдан Астанаға адам тасиды екен. Балаларын жалдамалы пәтерде қалдырып, нәпақа табуға аттанатын келіншек көбінесе көлікте түнейді.

Әйгерім Салауат Ізмұхамбетовпен 1997 жылы отау құрған. Алайда 2006 жылы жұп ажырасуға бел буған. Депутаттың экс-келіні одан кейін де тұрмысқа шығып, қайта ажырасқан. Әйелдің сөзінше, сол кезден бастап Салауат та, оның отбасы да балаларды еске алмаған.

17, 14 және 9 жастағы үш баланың анасы балаларына мектепке қажетті заттарын алып бере алмағанын айтты. Айтуынша, бар табысы пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды.

Сәуір айында Астана қалалық сотының шығарған үкімі бойынша Салауат Ізмұхамбетов табысының 50%-ын алимент ретінде төлеуі тиіс. Алайда депутаттың ұлы ол уақыттан бері ізім-ғайып жоқ болған. Алимент те төлемеген, өзі де хабарласпаған.

«Бұл мәселеге билік бей-жай қарамаса, бұрынғы күйеуіме алимент төлеткізсе деймін. Төлемей ме, қылмыстық жауапкершілікке тартылсын. Сот үкім шығарды. Барлық органдар өз міндеттерін атқарсын», – дейді Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бұрынғы келіні Әйгерім Ізмұхамбетова.

Дәлел ретінде келіншек балаларының туу туралы куәліктерін, некеге тұру және некені бұзу туралы куәліктерін көрсетті. Әйгерім ДНҚ сараптамасын жасатуға да әзір.

Википедияда Бақтықожа Ізмұхамбетов туралы ашық мәліметтер бар. Қазақстанның мемлекет қайраткері 1948 жылдың 1 қыркүйегінде дүниеге келген. Әр жылдары энергетика және минералды ресурстар министрі, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімі, Парламент мәжілісінің депутаты және төрағасы қызметтерін атқарған. Отбасы бағанында ұлы Салауаттан туған үш немересі де жазылған. Элина, Айсұлтан және Айберген Бақтықожаевтар. Алайда Ізмұхамбетовтің өзі оларды немерелерім деп мойындамай отыр.

«Қанша рет тұрмыста болды? Кімнен және неше баласы бар? Алдымен соны анықтап алу керек. Алимент мәселесіне келгенде журналистерге шағымданған адамды бірінші рет көріп тұрмын. Сотқа неге бармайды?» – деді ҚР Мәжіліс парламенті депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Әйгерім Ізмұхамбетованың видео үндеуі депутаттың жүрегінде ешқандай да аяныш сезімін тудырмаған сияқты. Депутат бұл тақырыпты қайта қозғағысы келмейтінін ашық түрде білдірді. Ал жалғызбасты ана енді тек сот орындаушыларынан ғана үміттене алады.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар