Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

Таяуда ғана екінші мәрте ана атанған Ақбота-Нұр бүгін перзентханадан шықты. Атышулы жұптың қуанышына Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де ортақтасып қайтқан еді.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

Атышулы жұп жаңа туған сәбиге Аиша есімін таңдаған. Осыдан бір жарым жыл бұрын тұңғышы Ибраһимге әкесі Айдарқұловтың өзі ат қойса, бұл жолы аталған мәртебеге Сейітмағамбет лайық деп танылыпты. Яғни, кішкентай ханшайымға Аиша есімін қою – Ақботаның бала күнгі армандарының бірі екен.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

«Кішкентай кезімнен бері осы «Аиша» мен «Айару» деген есімдер ұнайтын. Жеңгемнің баласын «Айару» деп мен өзім қойдым. Енді өзім қыз тусам есімін «Аиша» қоямын деп баяғыдан бері армандап келе жатқанмын. Енді өзімнің арманыма жеттім. Бастапқыда түрлі нұсқалар болған. Соңында мен жеңдім ғой (күледі)», – дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

Ақбота қаңтар айының 8-ші жұлдызында қызын дүниеге әкелген. Бір қызығы Дәурен келіншегінің дәл сол күні босанатынын алдын-ала болжап, жұбайына қалжыңдаған көрінеді. Кейін актердің әзілі ақиқатқа айналады. Ал, жүкті әйелінің перзентханадағы видеосын желіге салған Айдарқұловтың әрекеті көпшілікке жақпай қалса керек. Ғаламтордағылар жұлдызды жұпқа солақай пікірлерін білдірген. Ал өздерін сынға алған көпшілікке, ерлі-зайыптылардың айтары бар.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

«Екі күні бойы көңіл-күйім солай болды. Үй тазалап, дайындалып, осы бір-екі күнде босанып қалам-ау деген ойда жүрдім. Бірінші баламды босанғанда қиын болған. Жылап, өзімді қоярға жер таппай, қатты қиналғанмын. Осы жолы көңілді босанайын деп шештім. Таңғы төртке дейін дәл сол позитивпен жүрдім ғой (күледі)», – дейді Сейітмағамбет.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

«Ақботаның өзі ел алдында жүргендіктен, камера алдында жұмыс істеп үйренгендіктен дәл солай әзілдеген болатын. Талай мәрте толғақ болды. Дәл сол мен видеоға түсірген уақытта толғағы басылып, көңіл-күйі ерекше болған сәт еді», – дейді Дәурен.

Дәурен Айдарқұлов жұбайы Ақботаның қай күні босанатынын өзі болжап қойған (видео)

Ақботаның тұңғышы Ибраһим қарындасты болғанын әлі сезіне қоймаған. Есесіне, Дәуреннің бірінші жанұясындағы перзенттері әкесінің тағы бір мәрте қызды болғанын естіпті. Айдарқұлов жеке өміріндегі қуанышты хабарды ұл-қыздарына өзі жеткізіп, олардан сүйінші сұраған.

 

«Ибраһим әлі кішкентай ғой. Қарындасы барын түсіне қойған жоқ. Бір жарым жаста. Алғашқы отбасымдағы аға-әпкелері естіді. Олар қуанып жатыр. Әлі де қуанып жатыр. Оларға өзім хабарлап, жақсы жаңалықты өзім айттым», – дейді Айдарқұлов.

 

Айта кетейік, жаңа туған сәби Айдарқұловтың бесінші баласы. Дәурен мен Ақботаның ортақ некесінен екі бүлдіршін дүниеге келсе, атышулы актердың алғашқы отбасында бір ұлы мен қос қызы өсіп келеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау