Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер 10 жыл бойы дұрыс диагноз қоймаған әйелдің денесі тас боп қата бастаған

Ұлыбритания тұрғыны Грейс Ндажокиге дәрігерлер 10 жыл бойы дұрыс диагноз қоя алмаған. Салдарынан оның ішкі ағзаларына шор біте бастаған.

Дәрігерлер 10 жыл бойы дұрыс диагноз қоймаған әйелдің денесі тас боп қата бастаған

Бұл туралы The Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Әйел терінің жүйелі қатаюы деп аталатын аутоиммунді дерттен зардап шегеді екен. Мұндай ауруға шалдыққан адам ағзаларының тіндерінің бәрі қатая бастайды. Ауруға шалдыққандардың 10 пайызы 5 жылдың ішінде қайтыс болады.

Ндажоки мұндай дертке шалдыққанын бірінші баласын босанғаннан кейін біліпті. Оның саусақтары мен башпайлары бозарып, тоңып, қозғалғыштығын жоғалта бастаған. Дәрігерлер бұл кезде «Рейно дерті» диагнозын қойыпты. Бұл терінің қатаюы дертінің алғашқы кезеңдерінің бірі болып табылады. Дәрігерлер әйелге дерттен арылу үшін қолына ауруды басатын жақпамай жағуға немесе жылы жаққа көшуге кеңес берген.

Мұнан кейінгі бірнеше жылдың ішінде әйел қолының терісі қатая бастағанын байқайды. Аурудан арыламын деген оймен ол тырнаққа арналған лакты және басқа да химиялық заттарды қолдануды тоқтатқан.

Арада тек 10 жыл өткеннен кейін ғана дәрігерлер нақты диагноз қойыпты. Сол кезде әйел дем жетпей, тұншыға бастағандықтан, ауруханаға жатқызылған. Жасалған рентген нәтижесі терінің қатаюы дертінің әсерінен пациенттің ағзалары өзгеріске ұшырағанын көрсетті. Өз кезегінде дәрігерлер Ндажокиді шұғыл түрде химиотерапия жасатуға жіберген.

Дәрігерлер 10 жыл бойы дұрыс диагноз қоймаған әйелдің денесі тас боп қата бастаған

Өзіне дұрыс диагноз қойылғанына қуанған әйел  дертінен айығу мүмкіндігін жіберіп алғаны үшін қатты уайымдаған.

«Ендігі маған ешқандай заманауи технологиялар көмектесе алмайды. Тіпті, бағаналық жасушаларды немесе өкпені алмастырудың көмегі болмайды», – дейді ол.

Ндажоки дерт салдарынан денесінің тас сияқты болып қалғанын айтып шағымданады.

«Менің дертім өте ауыр. Дәрігерлер терінің қатаюы дертін бастапқы кезеңдерінде анықтай алмады. Сондықтан ауру салдарынан жүрек, өкпе, ішек, көз, асқазан, бүйрегім мен қолым зақымдалған», – дейді әйел.

Дәрігерлер 10 жыл бойы дұрыс диагноз қоймаған әйелдің денесі тас боп қата бастаған

Ндажоки 44 жасында жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Ол кей күндері мүлде төсектен тұра алмай қалатынын және өзгелермен сөйлесуден қашқақтайтынын мойындады. Ол баспалақпен көтеріліп-түсе алмай қалғандықтан, үйде лифт орнатқан.

Ендігі әйел қайырымдылық шараларымен белсенді түрде айналысып, терінің қатаюы дертіне шалдыққандарға көмектесуге тырысып жүр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау