Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер: Шашын бір жылда 6 реттен көп бояйтын әйел ракпен ауырады

14% жағдайда шашын жиі бояйтын әйелдерге осы диагноз қойылады.

Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды.

Бір жылда шашын алты реттен көп бояйтын әйелдер сүт безі рагына шалдығулары мүмкін. Бұл туралы Princess Grace Hospital Лондон ауруханасының профессоры Кефан Мокбел мәлімдеді. Дәрігер сүт безі рагына шалдыққан науқастардың ауру тарихын өзара салыстырып зерттеген. Нәтижесінде 14% жағдайда шашын жиі бояйтын әйелдерге осы диагноз қойылатыны белгілі болған.

“Біздің мамандар шаш бояуының онкологиялық ауруларға әкеліп соқтыратынын анықтады. Жеке өзім шашын бір жылда алты реттен көп бояйтын әйелдерге дәрігерлерге қаралып тұруға кеңес беретін едім”, – дейді дәрігер.

Мұнымен қатар, мүмкіндігінше құрамында амиак жоқ бояуларды таңдауға кеңес берді. Осы уақытқа дейін Фламанд университетінің мамандары қантты көп тұтынатын адамдардың рак ауруына жиі шалдығатындарын байқаған.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар: Тәттілер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Ғалымдар рак дертінен сақтанудың басты жолы анықтады

Қатерлі ісіктің дамуының басты 7 себебі

Талқылау