Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер азық-түлікті тоңазытқышта дұрыс сақтау жолдарын атады

Дәрігер-аллерголог, патофизиолог Елена Парецкая азық-түлікті тоңазытқышта дұрыс сақтау жолдарын атады. Оның сөзінше, көп жағдайда сатып алған өнімдер тез бұзылып кетеді. Өйткені дұрыс сақталмаған жағдайда, өнім пайдалы қасиетінен айырылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

тоңазытқыш

Парецкаяның айтуынша, картоп, зәйтүн майы, банан, алма мен цитрус өнімдері, авокадо, экзотикалық жемістер, сарымсақ пен пияз, қызанақ, асқабақ, шоколад пен бал, ашылмаған консервіленген өнімдерді тоңазытқышта сақтауға болмайды. Сонымен қатар азық-түлік пен дайын тағамдарды дұрыс орау керек дейді. 

"Өнімді сақтаудың ең қауіпті түрі – полиэтилен пакет пен пленка. Мұнда өнім буланып, азық-түлік тез бұзылады. Ірімшікті зең басуы мүмкін, ал ет өнімдерін шырышты қабық пайда болады", – деді ол. 

Маман полиэтиленді пленкамен тек дайын өтағам салынған ыдыстың бетін жабу керек дейді. Ал көкөністі пакетсіз, пластик қорапта антибактериалды төсеніште сақтау керек. Шұжық пен ірімшікті пергаментті қағазға ораған жөн екен. Сүтті шыны немесе пластик бөтелкеге құю керек.

Патофизиолог ішек инфекциясы тарамау үшін шикі ет пен балықты дайын тағамныі жанында сақтамауға кеңес берді. 

"Ең керемет тәсіл – азық-түлікті бөлік қою. Мысалы, ет өнімдерін бөлек, сүтті бөлек, көкөніс пен жемісті бөлек қойған абзал", – дейді маман. 

Талқылау