Дариға Назарбаева: Барлық білім беру басқармаларын жабу керек

Сенаттың халықаралық байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстан бойынша білім басқармаларын жабуды ұсынды.

Дариға Назарбаева

Оның айтуынша, бұл ұйымдар қажет болмайды, себебі қазір қазақ мектептері өзін өзі қаржыландыруға ауысып жатыр. Бұл әрбір мектепте донорлар мен демеушілерден қаражат көтеретін өз қорын құруға мүмкіндік береді, деп жазады  Sputnik.

«Оындай жүйе арқылы облыстық, аудандық және қалалық білім беру бөлімдеріне қажеттілік болмайды. Бұл мәселе басты мәселе болып табылады. Өйткені мектепті қаржыландыруға бөлінген ақша осы ұйымдарда қалады. Оны тиісте жерге қашан жіберетінін өздері біледі. Тіпті барлығы жіберілмеуі де мүмкін. Ал, кітап алу не жөндеу жұмысы кезінде ата-аналардан жинауға тура келеді. Көптеген бұзушылықтар бар, сондықтан осы ұйымдардың қажеті жоқ. Бұған қатысты халықаралық тәжірибеге сүйенуге болады”, – деді сенатор.

Назарбаева айтуынша, бұл жүйе Білім және ғылым министрлігіне бүкіл оқу үдерісін тікелей бақылауға болатын стандарттар мен ережелерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

Комитет басшысы сондай-ақ қоғамда талқыланатын мұғалімдердің мәртебесі туралы заң туралы әңгімеледі. Депутат мұғалімдердің жалақысын көтеру, сондай-ақ басқа да әлеуметтік жеңілдіктерді қаржылай инвестициялаусыз қажет деп санайды. Алайда, бірінші кезекте қазақстандықтар мұғалімдерге деген көзқарасын өзгертуі керек.

«Біз ата-аналардың мұғалімдерге деген көзқарасын өзгертуіміз керек. Өйткені ата-аналар мән-жайды анықтамастан мұғалімдермен ұрысу үшін мектепке барады. Мұғалімдеріміз болмаса, ертең балаларды кім оқытады? Көп нәрсені мұғалімдердің пайдасына шешу керек”, деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, сенатор журналистердің сауалдарына жауап ретінде, мұғалімдерге сыйлықберуі және назарын аударуды жөн көретінін айтты.

«Мұғалімдер мен дәрігерлерге сыйлық бергу болады, бірақ министрлерге керек емес», – деді ол.

Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын әзірлейді. Маңызды құжаттың концепциясын талқылауға мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен барлық мүдделі азаматтарды шақырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар