Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данэлия Төлешова енді ешқандай байқауға қатыспайды

Данэлия Төлешова күні кеше елге оралды. 12 жасар алматылық жас талант халықаралық Eurovision Junior байқауына қатысқан алғашқы қазақстандық атанды. Ол байқау нәтижесімен келісе ме? Алдағы жоспарлары қандай?

Данэлия Төлешова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Данэлия Минскіден кеше түнде келді. Сөзіне қарасақ, Евровидениеге қатысуы – ол үшін үлкен тәжірибе. Ал 6-шы орын алғанына Данэлия еш өкінген жоқ. Себебі көрермен дауысы бойынша жерлесіміз үшінші тұғырға көтерілді.

“Мейлі, осылай болса да, бола берсін деп отырдым”, – дейді Данэлия.

Вокал мұғалімі Наталия Чуракованың айтуына қарағанда, “жеңгім келеді” деген сөз Данэлияныі аузынан шықпаған.

“Ол “күшті өнер көрсеткім келеді” деп айтатын. Расында да 200-300%-ға осыны жасады”, – дейді ұстаз.
Айтпақшы, желіде кей тыңдармандар Данэлияның байқауда орындаған әнін сәтсіз деп тануда. Олардың пайымынша, дәл осы себепті Төлешова жеңіске жете алмаған.

“Менің әнімді бірге таңдадық. Бұл әнде менің даусым мен мүмкіндігімді көрсететін дүниелер көп. Мелизмдер мен өтулер көп. Бұл “Евровидениеде” болған ең күрделі ән”, – дейді Данэлия.

Ал жеңімпаз атанған польшалық қатысушының әнін вокал мұғалімі жеңіске лайық емес деп отыр.
“Польшаның әні ұнады. Форматы бар, бірақ қиын емес ән. Ол ешқандай да вокалдық шеберлікті көрсете алмайды. Ал біз Данэлияның попса ән орындағанын қаламадық”, – дейді Чуракова.

Данэлия енді кішкене үзіліс алыс, өзіндік стилі мен репертуарын қалыптастыруға жұмыс істемек. Қысқы демалыс кезінде анасы екеуі Украинаға баруды жоспарлап отыр. Ал өзге ән байқаулары жайлы сөз қозғаудың өзі қазір артық.

“Бұл Данэлия үшін соңғы байқау екенін айтқым келеді. Біз енді ешқандай байқауларға қатыспаймыз. Себебі байқау көп уақытты талап етеді, шығармашылыққа уақыт қалмайды”, – дейді жас таланттың анасы Елена Төлешова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау