Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов пен Иван Дычконы промоутерлік компания алдап кетті

69 келі салмақта Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды.

Boksery

Фото: obk.kz

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Еске салайық, жыл басында боксшымыз Майк Алматура басқаратын автсралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді. Бірақ, компания өз сөзінде тұрмаған. Сондықтан боксшы промоутерлік компаниямен де, Майк Алматурмен келісімшартты бұзыпты.

“Мен де, Данияр Елеусінов те MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен де, Майк Алматурамен де келісімшартты бұздық. Өйткені, олар келісімшарт бойынша уәде еткен нәрселерін істеген жоқ. Кәсіпқой бокстан түскен басқа нұсқаларды әлі қарастырып жатқан жоқпын. Жуық арада карьерамды қалай жалғастыратыным туралы нақты шешім қабылдаймын”, – дейді Дычко бұл мәселеге қатысты.

Айта кетейік, қаңтар айында белгілі болғандай олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко ақпан айында АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісіп, мамыр айында Қытайда бірінші жекпе-жектерін өткізу керек еді. Ал шығынды толық промоутерлік компания өз мойынан алуы керек болған.

Бірақ, екі боксшы да әлі күнге дейін жаттығуға кіріскен жоқ. Ол туралы ресейлік боксшы Сергей Ковалевтің бұрынғы бапкері Дерек Сантос-Россарио айтты.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Талқылау