Иван Дычко екінші мәрте Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
Олимпиада ойындарында бүгін жартылай финалда жұдырықтасқан Иван Дычко Ұлыбритания боксшысы Джозеф Джойстан ұтылып қалды.

Раунд басында Иван басымдықты өз қолына алды. Бірақ екінші раундта Джозеф қарсыласына кеткен есесін қайтарды. Соңғы шешуші раундта да ұлыбританиялық боксшы дәл әрі ауыр соққылар жасады. Қорытынды есеп 1:2. Джозеф Джойс финалға жолдама алды, деп хабарлайды BNews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Данияр Елеусінов (69 келі) байрақты бәсекеде алтын жүлдеге ие болды
Шәйнектегі қақтың бүйректе тас жинайтыны қаншалықты рас: Мамандар жауап берді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған