Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chevrolet Қазақстандағы хоккейдің дамуын белсенді түрде қолдайды

Мұзды кешен, гүрілдеген трибуналар, мен шайбаға таласқан қызу ойын. Бұл – қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кеткен "Барыс" хоккей клубының бір көрінісі. Команда ҚХЛ-да жанкүйерлердің жүрегін жарқын жеңістерімен ғана емес, сонымен қатар табандылығымен, командалық рухымен және жаңа биіктерге ұмтылуымен жаулап алды. Осы тұста төрт жылдан астам уақыт бойы Chevrolet бренді "Барыс" клубымен бірлесіп қазақстандық хоккейді дамытуды қолдап келеді.

"Барыс" хоккей клубы – жай ғана команда емес, түрлі жастағы адамдар мен бірнеше ұлт өкілдерінің басын біріктірген қазақстандық спорттың символы. "Барыс" хоккейден Қазақстан чемпионатында қарапайым қатысушыдан бастап, Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) мықта қарсыласқа дейінгі жолды жүріп өтті.

Ал Chevrolet – Қазақстандағы ең танымал автокөлік брендтерінің бірі. Ол соңғы жылдары көптеген қазақстандықтардың көңілінен шығып, нағыз халықтық брендке айналды.

"Барыс" жеңіске жетіп қана қоймай, балалар спортын дамытуда да белсенді атсалысып келеді. Сондықтан Chevrolet бренді ынтымақтастық үшін осы клубты таңдаған. Клуб жүйесінде жас таланттар кәсіби дайындықтан өтетін әртүрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер командалары жұмыс істейді. 

Клуб жыл сайын балаларға арналған түрлі турнирлер мен фестивальдер өткізеді. Бұл олардың хоккейге деген қызығушылығын оятып, болашақ жұлдыздарға өздерін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Клуб қазақстандық хоккейдің болашағы бүгінгі жас таланттардың қалай дамитынына байланысты екенін жақсы түсінеді.

Мұздағы жас хоккейшінің алғашқы қадамдарын көргенде бізде толқу, мақтаныш, үміт пайда болады. Демеуші ретінде олардың армандарын орындауда тікелей қатысымыз бар екенін түсінеміз. Біздің қолдауымыз тек спортқа инвестиция емес, бұл – қазақстандық хоккейдің болашағына қосқан үлесі. Елімізден бөлек, әлемдік аренада да жарқырайтын жаңа болашақ жұлдыздарымыздың буынын құруға ұмтылыс. Біз әрбір жас спортшыға сенеміз. Олардың жалындап тұрған көздері, жеңіске деген құштарлығы мен мақсатқа жетуі үшін олардың әлеуетін жүзеге асырып, қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз.

Chevrolet мен "Барыс" хоккей клубы – ортақ құндылықтар мен жеңіске деген ұмтылысқа негізделген серіктестік. Бізді хоккейге деген сүйіспеншілік біріктіріп отыр. Біз бірлесіп, миллиондаған жанкүйерлерді рухымен таңғалдыратын қазақстандық хоккейді жаңа биіктерге жеткізгіміз келеді.

Талқылау