Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: "ПСЖ" мен "Боррусия" жартылай финалда

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан алғашқы командалар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Associated Press

Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы қарымта матч аяқталып, жартылай финалға жолдама алған командалар анықталды. Алғашқы ойында “Барселонадан” 2:3 есебімен жеңіліп қалған “ПСЖ” құрамасы “Кампноу” стадионында қарсыластар қақпасында 4 гол соғып, матч жеңімпазы атанды. Алғашқы болып барселоналық Рафинья есеп ашқанмен, каталондықтардың қақпасына Мбаппе екі гол, Усман Дембеле мен Витинья бір реттен көзге түсті.

Өз алаңында "Боруссиядан" басым түскен "Атлетико Мадрид" қарымта кездесуде 2:4 есебімен ұтылып, Чемпиондар лигасын жарты жолдан аяқтады. Дортмундтық “Боррусия” алғашқы таймда-ақ екі гол соғып, есепте алға шықты. 34-минутта Юлиан Брандт пен 39-минутта Иен Матсен көзге түссе, екінші таймның басында хуммельс автогол соғып алды. Ал 64-минутта Анхель Корреа есепті теңестіріп, мадридтіктергі үміт отын сыйлады. Дегенмен 71 және 74 минутта дортмундтық клуб тағы да екі гол соғып, ойынның нүктесін қойды. Осылайша “ПСЖ” мен “Боррусия” жартылай финалға шықты.

Айта кетейік, бүгін тағы төрт команда ширек финалдағы қарымта матчын өткізеді. “Арсенал” мен мюнхендік "Бавария" өзара мықтыны анықтаса, "Манчестер Сити" мен "Реал Мадрид" ойнайды. 

Талқылау