Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чехиялық саяхатшы құтқарушыларды тауда 1 ай бойы күткен

Жаңа Зеландия шыңдарына саяхаттап барған чехиялық турист бір ай бойы тау ішінде өмір сүруге мәжбүр болды. Осы уақыт аралығында ол үмітін үзбей, құтқарушыларды күткен.

_90934741_mediaitem90934740

Бұл туралы 24.kz хабарлаған.

Туристің қасындағы серігі құзға құлап, мерт болған. Ал оның өзі үздіксіз жауған қар мен көшкін кесірінен кері қайта алмаған. Сөйтіп, тау басынан жұпыны лашық тауып, жан сақтайды. Ал құтқарушылар тауға кеткен жұпты керек жерлеріне жетпей, белгі бермегендіктен іздеуге шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, чехиялық туристің денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Ауа райы мүлде қолайсыз болды. Қар тынымсыз жауып, аспан ашылмай қойды. Қасымдағы серігім қаза тапқаннан кейін 2 күн далада түнедім. Артымызда қалдырған белгінің бәрін қар көміп қалғандықтан қайтар жолды таба алмадым. Лашықтың өзін әрең таптым», – дейді чехиялық саяхатшы Павлина Пизова.

Жіберіп алмаңыз:

Круиз лайнерінен құлап қалған Қытай азаматшасы 38 сағатын теңізде өткізген

ШҚО-да құтқарушылар парашютпен ұшып, талға ілініп қалған қызды құтқарды

Талқылау