Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурак Озчивит жарын қызғандырмау үшін ел күтпеген шешім қабылдады

Өткен аптаның соңында танымал ресейлік модель, актриса әрі теле-радио жүргізуші Виктория Боня Түркияның БАҚ құралдарын бір шулатты. Журналистер қауымы ресейлік актрисаның Бурак Озчивиттің парақшасына қалдырған жылы лебізін қызу талқыға салған еді.

Виктория Боня Бурак Озчивиттің селфиіне “лайк” басып, “өте сәнді” деп пікір қалдырған. Бір қарағанда, әлем танитын актер үшін бұл күнделікті жағдай деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда Боняның пікірі Фахрие Эвджен жанкүйерлерінің назарына іліккен.

Себебі ресейлік модель бұған дейін де Бурак пен Фахриенің ренжісіп қалуына себеп болған. Әрі Түркияның ең танымал жұбы дәл үйлену тойының алдында жанжалдасып қалғандықтан, бұл оқиға көпшіліктің есінде қалған-ды.

Елдің айтуынша, Фахрие Эвджен жары Бурак Озчивитті қатты қызғанады. Өз кезегінде түрік актері әйелінің қызғанышынан біржола арылу үшін ресейлік модельді желіде бұғаттап тастапты.

Айта кетейік, бұған дейін Бурак Озчивит ирандық модель Махлагха Джабериді бұғаттап тастаған еді. Ол кезде де актердің мұндай қылық көрсетуіне жары Фахриенің қызғанышы себеп болған.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Жүнісова бейнебаян түсіруге ақша қимайтынын айтты

«Әлем аруы-2017» байқауына Қазақстанның атынан Гүлбану Әзімханова қатысады

Тұңғышын ұзатқан Абай Бегей тойда көз жасына ерік берді (фото, видео)

Ауыпбаев “Меломен” тобымен татуласты: Ол топқа қайта орала ма?

 

Талқылау