Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда алапат өрт болды

Кенттегі орталық базар аумағында тұтанған қызыл жалынды ауыздықтау өрт сөндірушілерге оңайға соққан жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

ртол

Түнге жақын өрт басталғанда жаңбыр да себелеп жауып тұрған. Соған қарамастан аптап ыстықта әбден  кеуіп қалған тақтайлар өртті өршіте түсті. Отқа оранған нысан базар аумағында орналасқан дәмхананың қоймалары екен. Әзірге қанша шығын келгені белгісіз. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 2 сағат арпалысқан. Бұл іске 30 адам, бірнеше арнайы техника жұмылдырылды. Ақмола облысында аптап ыстық салдарынан осы аптада 4 жерде өрт болды. 40 гектар орман алқабын да тілсіз жау жалмаған.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда апалы-сіңілі қыздарды басып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Алматыда топырақ астында қалған 18 жастағы жігітті ешкім құтқара алмады

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде еріктілердің үш жұбы отау құрған

Тұрмыс құруға уақыт жоқ: Астаналық ана болуына “көмектесетін” ер адам іздеп жүр

Талқылау