Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы ағзаларын басқа балаларға беру үшін құрсағындағы өлі сәбиін 9 ай бойы көтермек

Әйел өлі туатын сәбиінің ағзаларын трансплантацияға мұқтаж балаларға сыйлау үшін, жүктілікті сақтауды ұйғарды, деп  хабарлайды The Sun басылымына сілтеп Stan.kz.

Хейли Мартин босану кезінде шетінеп кететін сәбиін 9 ай бойы көтеруді ұйғарды. Ол сәбиінің ағзаларын трансплантацияға мұқтаж балаларға сыйламақ.

Дәрігерлер УДЗ жасағаннан кейін, әйелге құрсағындағы сәбидің туғаннан соң шетінеп кететінін айтқан. Бірақ Хейли мен оның күйеуі жүктілікті тоқтатудың орына, аборттан бас тартыпты.

Ерлі-зайыптылар сәбилерінің «басқа балаларды құтқарып қалу арқылы өмір сүре алатынына» сенеді. Олардың сөзінше, бұл трансплантацияға мұқтаж балаларға рожествоға арналған сыйлық болады.

«Біздің сәбиіміз шетінеп кетеді. Егер басқа балаларды аман алып қалсақ, басымыздан өтіп жатқан қиын күндер соған тұрарлық», – дейді Хейли Мартин.

Ерлі-зайыптылардың 3 баласы бар. Олар төртінші сәбилі болатынына қатты қуаныпты. Алайда бақыттары ұзаққа созылмаған: дәрігерлер дүниеге келмеген балаға бүйректің дамымай қалуы диагнозын қойыпты. Сирек кездесетін бұл ауруға шалдыққан шақалақтың екі бүйрегі болмайды екен. Демек сәби босану кезінде немесе дүниеге келгеннен кейін шетінеп кетеді.

Сәби дүниеге келісімен отбасыға онымен қоштасып, естелікке суретке түсуге рұқсат беріледі.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар еркек ұрығының әйелдердегі қатерлі ісікті емдейтінін анықтады

Қол жуудың ең дұрыс әдісі белгілі болды

Ғалымдар: Ауаның ластануы жасөспірімдердің психикасын бұзады

ГАЗель мен тепловоз қатысқан апат: Аяғынан айырылған қыз есін жиды

Талқылау