Қол жуудың ең дұрыс әдісі белгілі болды

Сенбі, 16 Желтоқсан , 2017 20:25

Орегон университетінің микробиологы ауру тудыратын бактериялардың көбеюінің алдын алу үшін, қолды қалай дұрыс жуу керек екенін айтып берді. Ғалымның айтуынша, көптеген адам алақанын ауру тудыратын микробтардан дұрыс тазаламайды екен, – деп хабарлайды Science Alert басылымына сілтеп Stan.kz.

Ғалымның сөзінше, теріде көбейетін микроағзалармен күресудің негізгі екі әдісі бар екен. Біріншіден, қолды сабындап, сумен жуу арқылы бактериялар санын азайту. Инфекциялық іш өтуінің алдын алу үшін аталған әдіс жеткілікті, екіншіден,  бактерияларға қарсы заттар қосылған құралдардың (хлор, пероксид, триклозан) көмегімен микробтардан тиімді түрде арылу.

Алайда бактерияларға қарсы заттар теріде кез-келген затқа төтеп бере алатын ауру тудыратын бактериялардың пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар олар адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сабын, тіс пастасы, дезодорант құрамында кездесетін триклозан жануарлар ағзасындағы гормондық теңгерімді бұзады екен.

Мамандар қолды таза сумен дымқылдап, 20-30 секунд көлемінде сабындап, жақсылап жууға кеңес береді. Мұнан кейін қолды қағаз майлықпен құрғатып сүрту қажет. Егер сабын мен су болмаса, құрамында 60% спирт кездесетін залалсыздандыратын құрал пайдаланған жөн.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар: Ауаның ластануы жасөспірімдердің психикасын бұзады

ГАЗель мен тепловоз қатысқан апат: Аяғынан айырылған қыз есін жиды

Ыстық шайдың тағы бір пайдасы анықталды

«Ангар маньягы» атанған қанішер 84 адамды өлтірген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар